“БАЛАБАҚША МЕН МЕКТЕП АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ”
2024 жылдың 12 қыркүйек күні Т. Көмекбаев атындағы №250 мектеп - лицейі мен №5 "Айгөлек" бөбекжай - бақшасы арасында байланыс жүргізілді. 2023 - 2024 оқу жылы бөбекжай - бақшамыздан түлеп ұшқан шәкірттерімен тәрбиешілер кездесіп, шәкірттеріне жылы лебіздерін білдірді. МАД тобының тәрбиешілерімен “Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық” тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Мақсаты: мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы байланысты қамтамасыз ету. Бала дамуының үздіксіздігін сақтап, оны мектеп өміріне жеңіл бейімделуге көмектесу.
Сабақтастықты қамтамасыз етуде төмендегі тақырыптар төңірегінде пікір алмасу жүргізілді:
Оқыту мазмұнының байланысы: Балабақшада берілетін білім мен мектеп бағдарламасы арасында логикалық байланыс болуы.
Педагогикалық үйлестіру: Балабақша тәрбиешілері мен бастауыш мектеп мұғалімдері арасында тұрақты байланыс орнату.
Ата - аналармен жұмыс: Баланы мектепке дайындау барысында ата - аналарды белсенді қатыстыру.
Бұл сабақтастық балалардың мектеп өміріне тез бейімделіп, білім алуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.