2024 жылдың 11 наурыз күні әртүрлі ұлттық, қимылды ойындарға қызығушылыққа баулу арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, мәдениетін насихаттау мақсатында мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Ханталапай» ұлттық ойындар республикалық байқауының аудандық кезеңіне бөбекжай-бақшасы музыка жетекшісі Д.Жаңабергенқызы қатысып, І орынды иеленді.
Мектеп жасына дейінгі балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен тәрбиеленушілердің белсенділігі мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру, қазақ халқының мәдени мұрасына деген мақтаныш пен құрмет сезімін тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған "Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала" қолдан жасалған бұйымдар республикалық байқауына қатысып, аудандық кезеңінен бөбекжай-бақшамыздың тәрбиешісі Досмұратова Әлия Сұлтанқызы І орын иеленді.
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
"Әжем, анам және мен" байқауы,
Қатысушылар: Қуанышбек Аруназ 5 жас
Жауапты педагогтің аты-жөні: Жұбанышова Тұрсынай Телеубайқызы, тәрбиеші
Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің N5”Айгөлек"бөбекжай-бақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Хор: "Асыл анашым"
Әні, сөзі: Талғат Нағашыбаев
"Қыс қызығы" ата-аналармен спорттық сайыс
Ұйымдастырушылар:
Ж.Алпысбаева
Д.Жаңабергенқызы
Е.Жақсылықов
Ж.Орымбаева
N5”Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынында ата-аналар арасында қазақ халқының мәдени мұрасымен, салт-дәстүрлерімен және ұлттық ойындарымен таныстыру және шығармашылық жұмысқа тарту мақсатында "Шымырлық пен шеберлік күні" байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың "Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер" бөлімі бойынша аналар қолөнер туындыларын таныстырып өтті. Нәтижесінде аналарымыз номинациялармен мадақталды.