Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
№5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің КМҚК
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің КМҚК
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

 №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасына  сипаттама 

Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің  №5 «Айгөлек»  бөбекжай-бақшасы  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті Б.Момышұлы  көшесі №86А үйде орналасқан. Бөбекжай-бақша 2010  жылдан бері жұмыс жасап келеді.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа ғимаратқа көшірілді. Қазіргі уақытта   акт залы, ойын алаңдары  бар. Бөбекжай-бақшаның сыйымдылығы  90  орынға арналып, 1 және 2-қабаттарынан  5 топқа есептеліп бөлінген. 5 ойын бөлмесі, 5 жатын бөлмесі, қабылдау бөлмелері, 1 медбике бөлмесі, 1 әдістемелік бөлме, 1 логопед кабинеті, 1 күзетші бөлмесі, шаруашылық жұмыстарына арналған (қойма, кір жуу, кір үтіктеу) бөлмелері бөлек берілген.

 Бөбекжай-бақшада балалардың гигиеналық тұрғыда сапалы да құнарлы тамақтануы толық ұйымдастырылған. Балаларға тамақ үш мезгіл беріледі. Асханаға қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Құрылтайшы

«Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі Қызылорда облысының әкімдігі

Мекен-жайы

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жосалы кенті Бауыржан Момышұлы көшесі  №86А

тел: 8724 3722154

Электронды пошта:

Webсайт:

aygoleksadБұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

http://5aigolek-sad.kz/kz/

Меншік түрі

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

Меңгеруші

Сармолдина Балхия Егембердіқызы

Заңды тұлға мемлекеттік тіркеу куәлігі:

№01-17-156 бұйрығына сәйкес 03 наурыз 2023 жылы қайта тіркеуден өтті

 

Жобалық қуаты:

90 орындық, 5 топ, 2 қабатты

 

Топтардың жас ерекшеліктеріне сай бөлінісі

 

Ерте  жас топ – 1

Кіші  топ -1

Ортаңғы топ–  1

Аралас (1-3) топ– 1

Арралас (4-6) топ- 1       

Қызметкер саны

35  қызметкер

Қызмет түрі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны Мектепке  дейінгі тәрбие мен оқытудың  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес іске асырылады. Мектепке дейінгі ұйымда балалардың табысты бейімделуі мен дамуы үшін жағдай жасалынған. Мектеп жасына дейінгі балаларды, соның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіру, мәдени және гигиеналық дағдыларға баулу, күн тәртібін, ұйымдастырылған іс-әрекетін сақтауға тарту, өзін-өзі үйрету дағдыларын қалыптастыру және оларды  күнделікті өмірде қолдану арқылы іске асырылады. Балаларды  жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу.

Тәрбиелеу-білім беру процесінде:

      әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу жүзеге асырылады;

      балалардың құқықтарын, өмірін қорғау, денсаулығын нығайту қамтамасыз етіледі;

      салауатты өмір салтының негіздері, қауіпсіз өмір сүру дағдылары, қимыл-қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, әлеуметтік-эмоционалды, когнитивтік дағдылар, өзіне, отбасына, құрдастарына, қоршаған ортаға адамгершілік қарым-қатынасы, тәрбиеленушілердің қарым-қатынас мәдениеті, ұлттық бірегейлік пен азаматтық негіздері, патриотизм қалыптасады;

      тәрбиеленушілердің физикалық, зияткерлік, танымдық-сөйлеу, көркем-эстетикалық, шығармашылық қабілеттері дамиды;

      Отанға, ана тіліне сүйіспеншілік тәрбиеленеді;

      баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктер беріледі.

 

Инфраструктурасы

 № 5 "Айгөлек"  бөбекжай-бақшасы ғимараты 2017 жылы салынған. Ғимаратта бу қазандығы бар. Қазіргі заманғы сұранысқа сәйкес  робот техникасы, музыкалық құралдар, электронды фортепиано бар. Бөбекжай-бақшада бейне камералар орнатылған. Оқыту және  оқу-тәрбие процесі  үлгілік  бағдарламаға сәйкес жасалынған. Сонымен қатар іс-шараларды өткізу үшін интернет желісіне қосылған проектор және интерактивті тақта бар.

Негізгі қызмет түрі

 

№5 "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында 5 топ  3 түрлі бағытта  үйірмелермен  жұмыс жасайды.   Үйірмелер: би, ментальды арифметика және робототехника.

№5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасына  сипаттама 

Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің  №5 «Айгөлек»  бөбекжай-бақшасы  коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті Б.Момышұлы  көшесі №86А үйде орналасқан. Бөбекжай-бақша 2010  жылдан бері жұмыс жасап келеді.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа ғимаратқа көшірілді. Қазіргі уақытта   акт залы, ойын алаңдары  бар. Бөбекжай-бақшаның сыйымдылығы  90  орынға арналып, 1 және 2-қабаттарынан  5 топқа есептеліп бөлінген. 5 ойын бөлмесі, 5 жатын бөлмесі, қабылдау бөлмелері, 1 медбике бөлмесі, 1 әдістемелік бөлме, 1 логопед кабинеті, 1 күзетші бөлмесі, шаруашылық жұмыстарына арналған (қойма, кір жуу, кір үтіктеу) бөлмелері бөлек берілген.

 Бөбекжай-бақшада балалардың гигиеналық тұрғыда сапалы да құнарлы тамақтануы толық ұйымдастырылған. Балаларға тамақ үш мезгіл беріледі. Асханаға қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Бөбекжай-бақшада  35 қызметкер еңбек етеді. Педагог қызметкерлер саны-16, жоғары білімдісі - 14, арнаулы орта білімдісі - 2, педагог зерттеуші-1, педагог модератор - 9, педагог-тағылымдамашы – 1,  ІІ санат – 1, санаты жоқ-4. 

Бөбекжай-бақшаға бір жастан бастап  1-сыныпқа қабылданғанға дейін тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу, дамыту және медициналық бақылау, сондай-ақ қарау, бағу және сауықтыру бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын  мемлекет қаржыландыратын, қызмет көрсету көлемін, оның ішінде балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру үшін орындауды қамтамасыз етеді.

Балаларды қабылдау аудандық білім бөлімінің  жолдамасымен қабылданады. Балалардың жас ерекшелігіне сай 5 топта 90 бала тәрбие мен білім алады.  Тәрбиеленушілермен жүргізілетін оқу –тәрбие  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 қыркүйектегі №394 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу  бағдарламасы бойынша  жүргізіледі. 2023 жылдың  қаңтар айынан бастап бөбекжай-бақша меңгерушісі Сармолдина Балхия Егембердіқызының басқаруымен бөбекжай-бақша қазіргі заман талабына сай еңбек етуде, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, өздерінің ұйымшылдықтарын көрсетуде.

Мекеменің   мақсаты: 

Мектепке дейінгі ұйымдарда мектепте оқуға қажетті біліктер мен дағдыларды игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдау. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру. Бәсекеге қабілеті  мен құзіретті, әрбір іс-әрекетке креативті көзқараспен қарайтын, ана тілімен бірге өзге де тілдерді меңгере алатын әлемдік сұранысқа жауап бере алатын тұлға қалыптастыру.  Тәрбиелі, білімді, өнерлі ұрпақ тәрбиелеу мен оның танымын кеңейту. Баланың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығын қамтамасыз ету.

Негізгі  міндеттері:

  • Педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және кәсіби әлеуетін дамыту;
  • Білім беру дағдылары бойынша мектепке дейінгі ұйымдардағы тұлғаның білім, білік дағдыларын индикатор көрсеткіші арқылы мониторинг жүргізу;
  • Тәрбие мен оқыту үдерісін заманауи білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету;
  • Тәрбиеленушілердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету ;
  • Балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту,
  • Жаңа үлгідегі заттық – дамыту ортасын құруды қамтамасыз ету;
  • Балалардың өмірін және денсаулығын қорғау;
  • Балалардың бастамашылықты, білімқұмарлықты, еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту;
  • Балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын игеруіне жағдай жасау;
  • Тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік және тұлғалық дамуын қамтамасыз ететін оңтайлы  жағдайлар жасау;
  • Сапалы мектепалды даярлықты қамтамасыз ету;
  • Сапалы біліммен саналы тәрбие жұмысын басты назарда ұстай отырып, балалардың  болашақтарына игі ықпал ету.;
  • Қоршаған табиғатқа, Отанға, өз отбасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
  • Баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету үшін отбасымен өзара іс-қимыл жасау;
  • Ата –аналарды мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатысуға ықпал ету;
  • Ата-аналарға балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және денсаулығын қорғау бойынша консультативтік және әдістемелік көмек көрсету болып табылады

Бөбекжай-бақша ұстанымы:

  • Жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие және оқыту стандарты талаптарының негізінде әдістемелік жұмыстарды жетілдіру;
  • Оқыту- тәрбиелеу жұмысының мазмұнын жаңалау;
  • Психологиялық түзету қызметін ұйымдастыру;
  • Балалардың денсаулығын нығайтып, үлгілік бағдарламасының мазмұнын игеру бойынша біліктері мен дағдыларын  қалыптастыру;
  • Оқытуда жаңа технологиясын қолдану;
  • Білім сапасын көтеру, қосымша оқыту бағдарламаларын қолдану;

Балалардың  танымын жан-жақты дамыту мақсатында материалдық- техникалық база  жоғары деңгейде қарастырылған. Универсалды  залда  бейнепроектормен, аралас «Жұлдыз»  тобында  интерактивті тақта орнатылған.

 

5топта  5 теледидар бар  және  жеткілікті жиһаздармен қамтылған «Даналық әліппесі»,  «Сиқырлы қалам»  электронды құралдары

Универсалды залда  балаларға оқу іс-әрекеттеріне  арналған барлық спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталған

Универсалды залда музыкалық аспаптар, музыка орталығы,  дыбыстық аппаратура, түрлі дидактикалық материалдар бар

Топтардағы дамытушы орталықтар

Бөбекжай-бақшадағы әрбір  топтардағы дамытушы орталықтар оқу жағдайлары жайлылықпен байланысты болғандықтан  олардың денсаулығы, әлеуметтік-психологиялық бейімделуі, қалыпты өсуі мен дамуы көбіне өзі өмір сүретін ортаға байланысты болғандықтан   оқыту ортасы  әрбір балаға  өзіне жақын  іс-әрекетті табуға,  өз күштері мен қабілетіне сенуге,  педагогтер мен құрдастарымен өзара әрекеттесуді үйренуге, олардың әрекеттері мен сезімдерін түсінуге және бағалауға мүмкіндік  жасау үшін дұрыс  жас ерекшеліктеріне сәйкес   қажетті  жиһаздармен жабдықталған,  пәндік дамытушы «Физикалық қасиеттерді дамыту», «Коммуникативтік дағдыларды дамыту», «Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту», «Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту», «Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру» дағдылары мақсат - міндеттеріне сай жабдықталған және өз деңгейінде ұйымдастырылған.

Балалардың қызығушылық, бастамашылдық,  ізденісті жүзеге асыруға, зерттеу жұмыстарын  жүргізуге  шығармашылық қабілеттерін арттыруға, өзін-өзі іске асыру қабілетін дамытуға  жағдай жасалған.  Барлық топ  тәрбиешілері әрбір жаңа оқу жылында тәрбиешілер  дамытушы орталықтарды  дағдылар мазмұнына  байланысты жаңа ойын материалдармен әдеби оқулықтармен және т.б  балалардық қажеттілігі мен қызығушылығына сай тағы басқа құрал-жабдықтармен толықтырып жұмыс жасайды. 

 Қабылдау бөлмесінде бала санына қарай шкафтар мен отыруға арналған скамейкалар және  тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшісіне арналған шкафтар бар.  «Физикалық қасиеттерді дамыту» дағдысы бойынша балалармен ұйымдастырылатын қимылдық ойын дәне спорттық құрал-жабдықтар, денсаулық және ата-аналарға арналған стендтер тоқсан сайын және қажеттілігіне сай кеңестермен толықтырылады. Балалармен күн тәртібіне сай жүргізілетін жұмыстарының  апталық жоспары,  яғни циклограмманың стендісі, ас мәзіріне арналған  және т.б стенділер бар.

Ойын бөлмесінде балалардың топ толымдылығына сәйкес  жеткілікті парталар мен орындықтар, дидактикалық материалдар, ойын материалдары, әдеби кітаптар, балалардың оқу-құралдарын салуға арналған шкафтармен жабдықталған. 

Түрлі технологиялар бойынша оқыту құралдары  мен ойын құралдары бар: математикалық  планшеттер, «Лего» ойыншықтары,  ӨТШТ технологиясы бойынша ойындар, құрылыс блоктары, бала дамуының артуына  арналған дидактикалық материалдарды қолдануда фетрден тігілген құралдар, «Воскобович» тақтасы балалардың саусақтарының ұсақ моторикасын дамыту мақсатында түймелеу, орналастыру, сылдырмақтар, жалаушалар, доптар, атрибуттар, даму ойындары және т.б. құралдар, дидактикалық  және үлестірмелі материалдар, «Дәрігер», «Дәріхана»,  «Сұлулық салоны», «Дүкен», «Шаштараз»,т.б желілі рөлді ойындардың ойыншықтары  бар.

Логопед кабинеті балалардың денсаулықтарын қорғау мен эмоционалды мамандықтарына мүмкіндік туғызу және эффективті түрде дамуын қамтамасыз ету үшін  заманауи сенсорлы  құрылғылармен жабдықталған:

  • Құрал-жабдықтар мен ойыншықтар, дидактикалық материалдарға арналған шкаф;
  • «Ойын» технологиясына арналған тақта-2

Робототехника үйірмесі

Бөбекжай-бақша дене нұсқаушысы Е.Жақсылықов пен тәрбиеші М.Нуртаева «Сырдария» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен өткен мекемелер арасындағы «Көңілді эстафета» эстафеталық сайысында I  дәрежелі дипломымен марапатталды. 

«Әжелер» мектебінің  жұмысынан

«Жас  аналар» мектебінің  жұмысынан