"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің N5”Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының ортаңғы "Шағала" тобы тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен ата - аналар жиналысы өтілді. Ата - аналарды жылдық жоспармен таныстырып, ата-ана комитеті сайланды. "Кел, танысайық" тренингі арқылы ата-аналар танысып, қазақтың ұлттық "Асықтар" ойыны арқылы тілектерін білдіріп, өз ой - пікірлерімен бөлісті.