Алғысымды, яғни ен алдымен жаратушыма айтамын.
Әр атқан таңыма, әр алға басқан қадамыма, осындай мейірбан ата-анама, жанашыр бауырларыма, сүйкімді қызыма, әрдайым еркелетіп отыратын жарым үшін алғыс айтамын.
Жан-жағымда тек адал, жақсы адамдар қоршағаны үшінде алғыс айтамын.
Алғысты тек бүгін ғана, емес күнделікті өмірімізде алғысымызды айтып жүрсек қаншама бақыт, қуаныштын қадірін сезінуші едік.
Алғыс айту – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Дана халқымыз «Жақсы сөзге жан семіреді» дейді, жақын, туған жандарға жиірек алғыс сөздерін айтып, құшаққа бөлеу, ыстық ықыласпен жүрекжарды тілек білдіру – рухтандырып, қанаттандырады.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға амандық пен бақыт, шаңырағыңызға шаттық пен мереке, дастарханыңызға береке тілейміз!