Әр ұлтты ерекшелендіретін дәстүрлі құндылықтары, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет - ғұрпы, салт-санасы, ұлттық киімдері бар. Қазақтың ұлттық киімдері - тарихтың көзі, өткен тарихымыз бен салт-дәстүріміздің көрінісі. Жыл санап жұрт ішінде оларға деген сұраныс артқанымен, белгілі бір мейрамдарда ғана тұтынатыны бізді қынжылтады. Осыған орай, бөбекжай - бақшамызда «Ұлттық киімді ұлықтау күні» өтті.
Ұлттық киім - кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Бұл жай ғана киім емес, бүтін бір ұлттың бет - бедерін айқындайтын ұлан - ғайыр тарих. Қыздарымызға көрік, ер - азаматтарға айбат, жігер беретін ұлттық киіміміз қазақ халқын бүкіл әлемге танытатын этномәдени құндылық деп білеміз.