"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің N5 ”Айгөлек" бөбекжай-бақшасы", ортаңғы "Ботақан" тобының тәрбиешілері Жанат Қызылбаева, Мирамкул Ермекбаеваның және тәрбиеленушілерінің ұйымдастыруымен "Құттықтаймыз анашым!" атты 8 Наурыз мерекесіне арналған тәрбие іс - әрекеті болып өтті.
Сіздерді ақ жаулықты апаларымыз бен аналарымыздың, сіңлілеріміздің төл мерекесі 8 — наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, әдептіліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт - береке, ауызбірлік пен тыныштық тілейміз.