N5 "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында N5 Педагогикалық кеңес жүргізілді. Топ тәрбиешілері мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын мектеп жасына дейінгі балалардың меңгеруі бойынша қорытынды мониторинг нәтижелерімен таныстырды. Бөбекжай-бақшасы педагогтары 2023-2024 оқу жылына есеп беріп, жазғы-сауықтыру кезеңінің жоспары бекітілді. Оқу жылының қорытындысына орай педагогтарымызға аудандық білім бөлімінің марапаттары табысталды.