"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің N5”Айгөлек" бөбекжай-бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының "Жұлдыз" тобы тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен ата-аналар жиналысы өтілді. Ата-аналарды жылдық жоспармен таныстырып, ата-ана комитеті сайланды. Бес саусақ әдісі арқылы жүргізілген "Жылы жүрек-жақсы тілек" тренингте ата-аналар тілектерін білдіріп, өз пікірлерімен бөлісті.