Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің N5"Айгөлек"бөбекжай-бақшасы мектепалды "Жұлдыз" тобының тәрбиеленушілерімен
26 мамыр күні тәрбиешілер Бақыт Егембердіқызы және Тұрсынай Телеубайқызының ұйымдастыруымен
"Қош бол, балабақша" тақырыбында балабақшамен қоштасу ертеңгілігі өтілді.
Мерекелік ертеңгілікте балабақша меңгерушісі Балқия Егембердіқызы ата-аналарға жылы лебізін білдіріп, балаларға балабақша куәліктерін, мақтау қағаздарын, қоштасу альбомдарын табыстады.
Ертеңгілік соңында N5"Айгөлек-Мектеп" пойызына тәрбиеленушілер отырып білім әлеміне жол тартты.