"Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің N5 ”Айгөлек" бөбекжай - бақшасы", ересек "Шағала" тобының тәрбиешілері Мирамкул Амантаевна, Алтынай Әбдіқадырқызы және тәрбиеленушілерімен бірге ұйымдастырылған 22 Наурыз мерекелік ертеңгілік болып өтті.
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт - дәстүрлері осы ұлттың мінез - құлқын, қасиеттерін дәріптеу. Кейбір салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары сол халықтың тұрмысына, тәрбиесі мен мінезіне, сеніміне, ырымына қарай қалыптасып келетінін түсіндіру. Соның бірі — "Аунату" дәстүрімізді назарларыңызға ұсынамыз.
Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз - іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.