БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ
Еліміздің ертеңі болар тұлғаны қалыптастыру бүгінгі балабақша тәрбиешілерінің де еншісінде. Тәрбиеші-педагогтың тынымсыз еңбегін қандай сөзбен өрнектесек те аздық ететіндей көрінеді. Әрбір шаңырақтың шаттыққа кенелтетін бүлдіршіндерінің қылығына төзіп, еркелігін көтеріп, тәрбие мен білім беру төзімділік пен парасат-пайымды қажет ететіні сөзсіз. «Адамның адамгершілігі жақсы тәрбиеші-ұстаздан басталады» деп ақын Абай атамыз бірауыз сөзбен тәрбиешінің болмысын шынайы суреттеген. Осындай ілтипатқа ие тәрбиешілер арамызда аз емес. Көпшіліктің алғысына бөленген, бала жанына жол таба білген тәрбиешілердің бірі - САРМОЛДИНА БАҚЫТ ЕГЕМБЕРДІҚЫЗЫ.
Жосалы кентіндегі №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының кіші «Балапан» тобында жұмыс жасайды. Бақыт Егембердіқызы үнемі балалармен, ата-аналармен көптеген жұмыстар атқарып, ұжымның беделін көтеруге күш салғаны үшін ұжым басшылығы мен мүшелері жоғары бағалайды. Тәжірибелі тәрбиеші өз жұмысына тиянақты, жауапкершілігі жоғары, ізденімпаз, әрі адал жан. Адами жағынан болсын, қызметкер жағынан болсын, қарапайым әрі адал. Ол баламен балаша ойнап, баланың, ата-ананың көңілін тауып жұмыс жасай алады. Ол тек тәрбиеші ғана емес, жан-жақты өнерімен ерекше. Кез келген істі уақытылы орындап отырады. Өзіндік пікірі бар, жайдарлы, нағыз өз ісінің маманы.
