"АСПАЗШЫ - ҮЛКЕН МАМАНДЫҚ"
Жалпы өмірде қыр-сыры өз алдына бөлек мамандықтар бар. Соның бірі - аспазшы. Онымен күнделікті ас әзірлейтін маман айналысатынын білгенімізбен, қоғамда алар орны мен еңбегі жайында көп сөз етіле бермейді. Атаулы кәсіп ертеден келе жатқан көне мамандық болғандықтан, кез келген жерде сұранысы жоғары. Бұрын тамақ дайындаумен ошақ иелері ғана айналысса, қазір оның сырын игеру үшін бірнеше жылдан бері еңбек етіп келе жатқан №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшамыздың аспазшысы ТАЙШЫҚОВА БИБІСАРА апайымыз бүлдіршіндерімізге дәмді тағамдар жасай біледі. Олар жай ғана ас әзірлеп қоймайды, адамға естен кетпейтіндей, аузында дәмі қалардай әсер сыйлайды. Сондықтан «Ас - адамның арқауы» деген нақыл сөз бекер айтылмаса керек.
Аспазшы - үлкен мамандық,
Тамағы тілді үйірген.
Сыйлайтын жанға денсаулық,
Өнерді түйген түйіннен.
Қолыңыздан тараған,
Керемет дәм мен көңіл-күй.
Бақ, байлық сізге тілесін,
Дәм татқан сізден әрбір үй.