Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
№5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің КМҚК
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
№5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы
«Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің КМҚК
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Бүгінгі N5 "Айгөлек" бөбекжай-бақшамыздың жеңісі құтты болсын! Әрдайым еңбектеріңіз бағалы, мерейлеріңіз үстем, мәртебелеріңіз биіктей берсін.


«Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауының облыстық кезеңінің ақпараты

2024 жылдың 7 қыркүйек күні Облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) «Мектепке дейінгі ұйымның жыл әдіскері» республикалық байқауының облыстық кезеңін ұйымдастырып, өткізді.
Байқаудың мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдары әдіскерлерінің инновациялық жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату, олардың кәсіби деңгейін арттыру. Байқауға аудандар мен Қызылорда қаласынан барлығы 7 жұмыс түсті.
Байқау ережесінің бағалау критерийлері мен көрсеткіштеріне сәйкес, байқауға ұсынылған жұмыстарды қазылар алқасы жан-жақты саралап, қорытынды жасады.
Сараптау тобының шешімімен жеңімпаздар анықталды:
- Бас жүлде - Қызылорда қаласы, «Алпамыс» бөбекжай-бақшасының әдіскері Сейтжаппарова Алима;
- І орын - Қазалы ауданы, №11 «Балапан» бөбекжай-бақшасының әдіскері Шуиншалиева Ақтоты;
- ІІ орын - Жалағаш ауданы, «Ақмаржан» бөбекжай-бақшасының әдіскері Алпысбаева Гүлмира;
- ІІІ орын - Арал ауданы, «Алтын балық» бөбекжай-бақшасының әдіскері Нұрмағанбетова Гүлжанат;
- ІІІ орын - Қармақшы ауданы, №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының әдіскері Аманжолова Арайлым;
- «Іскер әдіскер» номинациясымен Қызылорда қаласы, «Сыр жұлдызы» бөбекжай-бақшасының әдіскері Ментаева Светлана және «Ізденімпаз әдіскер» номинациясымен Сырдария ауданы, «Балапан» шағын орталығының әдіскері Берденова Алия марапатталды.

Әріптестерімізді құттықтаймыз!!!