№5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасына сипаттама
Қызылорда облысының білім басқармасының Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің №5 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кенті Б.Момышұлы көшесі №86А үйде орналасқан. Бөбекжай-бақша 2010 жылдан бері жұмыс жасап келеді.
2017 жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа ғимаратқа көшірілді. Қазіргі уақытта акт залы, ойын алаңдары бар. Бөбекжай-бақшаның сыйымдылығы 90 орынға арналып, 1 және 2-қабаттарынан 5 топқа есептеліп бөлінген. 5 ойын бөлмесі, 5 жатын бөлмесі, қабылдау бөлмелері, 1 медбике бөлмесі, 1 әдістемелік бөлме, 1 логопед кабинеті, 1 күзетші бөлмесі, шаруашылық жұмыстарына арналған (қойма, кір жуу, кір үтіктеу) бөлмелері бөлек берілген.
Бөбекжай-бақшада балалардың гигиеналық тұрғыда сапалы да құнарлы тамақтануы толық ұйымдастырылған. Балаларға тамақ үш мезгіл беріледі. Асханаға қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
